Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні

Құрметті 7kun оқырмандары, сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Бұл күн - тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен қуаныш әкелсін! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шығармашылық шабыттарыңыз молая түссін!

Ізгі ниетпен, 7kun.kz редакциясы. 

Похожие материалы