Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

25 банк кредиттік портфель көлемін арттырды

25 банк кредиттік портфель көлемін арттырды

2016 жылдың қаңтар айында қазақстандық 35 банктің 25-і жұмыс істеп жатқан кредиттік портфель көлемін арттырды. Мерзімі өткен қарыздардың үлесі жалпы берілген кредиттің 7,5%-ын құрап, төменгі деңгейі сақталуда. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

ҚР екінші деңгейлі банктердің кредиттік портфелі алты ай қатарынан үздіксіз өсім көрсетуде. Қаңтар айының соңында көрсеткіш 12 трлн 844 млн теңге болып, бір ай ішінде 1,3%-ға, ал бір жылда 5,6%-ға артқан. Ал мерзімі өткен қарыздар 1 трлн теңгеден сәл төмендеп, жалпы портфель көлемінің 7,5%-ын құрады.

12804475_174887082899150_1801528454_n

Ал қаңтар айында мерзімі өтпеген яғни жұмыс істеп жатқан кредиттік портфель көлемі 25 банкте артқан. Ең көп өсім екі шетелдік банктің қатысуымен болған. ДБ PNB Қазақстан (бұрынғы Данабанк, 49% акциясы үндістандық Punjab National Bank-ке тиесілі) жұмыс істеп жатқан кредиттік портфель көлемін 3 есе арттырған. Ал  Қазақстан нарығында аз ғана үлесі бар Қытайдың сауда және өнеркәсіп банкінен(Қытайдың мемлекеттік ICBC банкінің еншілесі - Industrial and Commercial Bank of China) берілген несие көлемі 2,5 есеге артқан.

Сондай-ақ, екі есе өсім көрсеткішін қазақстандық қаржы институттары да көрсетті. Qazaq Banki (жұмыс істеп жатқан кредиттік портфель көлемі бойынша ЕДБ арасында 13 орында) стандартты қарыз көлемін 2,4 есеге, Астана қаржы банкі (16 орын) 2,1-есеге өсірді.

Ал жұмыс істейтін ірі портфель көлемі ТОП-10 банктің көшін бастап тұрған Қазкоммерцбанкке тиесілі. ҚКБ 1 жыл ішінде банк портфель көлемін 73,1%-ға арттырды. Портфель көлемін 1,5 есеге арттырған банктер қатарында Bank RBK және Цесна Банк бар. Ал Халық банк пен Еуразиялық банк үлесі - 27%, ForteBank - 18%.

Похожие материалы