Экономика
Выбор редактора
25 жылдағы Қазақстанның 7 жетістігі
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс кезінде Қазақстанның басты 7 жетістігін атады.
«
Бірінші, біздің ең басты жетістігіміз - біз дүние жүзі картасында мүлде болмаған мемлекетті, Тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Халықаралық деңгейде мемлекеттік шекара бекітілді, Конституция негізінде тиімді мемлекеттік басқару жүйесі құрылды. Заманауи қарулы күштеріміз, құқық қорғау жүйеміз бар. Қазақстан қазіргі кезде ынтымақтастық мәселесінде беделді, жауапты серктес», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент
екінші жетістік ретінде Қазақстанның экономикалық дамуын атап өтті. Бұл 2012 жылы әлем экономикасындағы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуге мүмкіндік берді.
Президенттің сөзінше,
Қазақстанның үшінші жеңісі - бейбітшілік пен келісімнің үлгісі бола білуі. Осы тұрғыда ол мемлекеттегі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясын атап өтті.
Төртінші жетістік - қазіргі таңда жалпы сомасы 265 млрд теңгені құратын шетелдік инвестицияның Қазақстанға тартылуы.
«Ең қиын жылдары British petroleum, Shell, ExxonMobil, Chevron, Agip, General Electric, General Motors, Mittal, Samsung сынды трансұлттық инвестор компаниялар елімізге келді. Сондықтан Қазақстанға тек қаржы ғана емес, технология мен ғылымды қоса ала келген және біздің азаматтарды заманауи деңгейде жұмыс істеуге үйреткен барлық инвесторларға, достарыма алғыс айтамын", - деді Президент.
Сондай-ақ, Президент халықтың әл-ауқатының өсуін
бесінші жетістік деп атады. Ол 1996 жылы кедейлік шегі Қазақстанда 35% құрағанын, ал 20 жылдан кейін олардың үлесі 2,5% дейін төмендегенін еске салды.
Алтыншы жетістік - интеграциялық бастамалар. Мемлекет басшысы атап өткендей, 20 жылдан кейін "тұрақтылық" негізінде Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанның қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрылды.
Ал
жетінші жетістік ретінде Президент Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы мен ядроға қарсы қозғалыстың көшбасшыларының бірі бола білгенін атады.
«Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап-ақ, өз идеяларын әлемге ұсынды. Тәуелсіздік бастауында біз ядролық арсеналдан бас тартып, Семей ядролық сынақ полигонын жаптық. Осы оқиғамен байланысты атаулы күн әлемде аталып өтеді", - деп атап өтті Президент.