Экономика
Алматыда Жаһандық кәсіпкерлік апталығы басталды
Қазақстанда 2015 жылдың 16-22 қараша аралығында V Жаһандық кәсіпкерлік аптасы (GEW) өтеді. Фестиваль жыл сайын әлемнің 150 елінде 8 млн адамның қатысуымен бір уақытта болады. Бұл туралы gew.kz сайтында жазылды.
Фестиваль аясында, түрлі форумдар өтіп, кәсіпкерлік саласының бас сарапшылары баяндама жасайды.
Сондай-ақ, 19-20 қараша күні аталған шара барысында StartupNomad форумы өтеді.
StartupNomad Форумы кезінде
«Zhastar Innovation» стартап жобаларының көрмесі мен конкурсы болады. Конкурс нәтижесі бойынша ең үздік 6 жобаны жасаушылар 1млн теңге көлемінде грантқа ие болады және "Жас кәсіпкерлер клубы" бағдарламасы арқылы қолға алынған жобаларды дамытуға мүмкіндік алады.
Фото: kz.gew.co