Экономика
Данияр Ақышевтың үш қателігі
Теңге құлдырауы тоқтатылды. Америкалық курс бағамы 308 теңге деңгейінде тұр. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Президентпен кездесуінде мәлімдеді. Бірақ ол нақты нарықтық курс па? Caravan.kz бұл тұжырымға сенбейтіндіктерін айтып, жаңа басшы Данияр Ақышевтың басты үш қателігін жазады.
Бірінші қателігі
Д.Ақышев Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындалғанан кейін бұрынғы төрағаны сынға алды. Бұл әдепсіздік ғана емес, сонымен қатар Ұлттық банк беделіне нұқсан келтіреді. Егер әрбір басшы алдыңғы басшыны кінәлі дей берсе, Ұлттық банкті институт ретінде қабылдау мүмкін емес болады. Әрқашан сабақтастық сақталынуы керек.
Екінші қателігі
Д.Ақышев Ұлттық банктің алдыңғы төрағасын валюта нарығында жүргізген интервенциялары үшін айыптаған еді. Қазір ол өзі белсенді түрде интервенция жүргізіп жатыр. Оны біз Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемдерінен көре аламыз.
Үшінші қателігі
Жаңа басшы өзін теңгенің еркін айналымға кеткенін жақтайтынын айтқан еді, алайда бұл режим сақталынбауда. Теңгенің еркін айналымдағы кезінде ақшаны РЕПО арқылы беру тоқтамауы керек. Алайда бұл жол үнемі жабық. Сонымен қатар, РЕПО арқылы ақшалар түрлі мөлшерлемелермен берілген. Бұл ақшалар банктердегі кассалық айырмашылықтардың орнын толтыру үшін пайдалнылады. Сондықтан РЕПО мөлшерлемесі - банк жүйесіндегі маңызды құрал. Ал қазір банктердегі мөлшерлеме бірінде 17% болса, екіншісінде 10%, үшіншісінде 12% болып отыр. Бұл қаржы нарығында ойын ережелерін бұзу болып табылады. РЕПО мөлшерлемесі барлық банктерде бірдей болуы керек.
Ұлттық банк әрекетіне қатысты Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергеновте өз пікірін білдіреді. Оның сөзінше, қазір Ұлттық банк өз мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр.
"Қазір Ұлттық банк нарыққа ақша құйылудың көлемін азайтып отыр. Мұндай жағдайда банкаралық несие бойынша мөлшерлеме өседі, теңге тапшылығы байқалады, нәтижесінде банктер валютаны сата бастайды немесе оны сатып алуды азайтады. Курсты 2-3 аптаның арасында ғана ұстай аламыз, алайда одан кейін қаржылық секторларды қиындық тууы мүмкін. Немесе ауызша мәлімдеме жасау тәсіліне көшуге болады. Дамыған елдерде осы тәжірибе қолданылады, бірақ ол нарық қаржы реттеушісіне сенгенде ғана жұмыс істейді. Ал бізде қазір ондай сенім жоқ. Сондықтан 1-2 жыл ішінде сенімді қайтару үшін бірқатар шаралар қабылдауымыз қажет",- деді ол.
Фото:total.kz