Экономика
Қазақмыс Ресейлік компаниямен бірігіп қазақстандық компанияларға көмектеседі
«ЗИОМАР» инжинирингілік компаниясы (Россиядағы Росатом – Атомэнергомаш машинақұрылыс дивизионының құрамындағы) мен Kazakhmys Energy ЖШС бірігіп қазақстандық компанияларға энергетикалық нысандардағы құралдарды жетілдіріп, қайта құруға көмек көрсететін келісім шартқа қол қойды. Бұл құжатта нысандарды тексеріп,жаңа техникалық шешімдерді бағдарлау, жобалау, жылу-қазандық құралдарын өндірісте қолдану және қою, сервистік қызмет көрсету қамтылған, деп Қазақмыс баспасөз қызметі хабарлайды.
Kazakhmys Energy «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС - Қазақстандағы ең үлкен және әлемдегі алдыңғы қатардағы мыс өндіруші компания құрамында. Компания корпорацияның өндіріс ошақтары мен Қарағанды облысындағы қалалар мен елді мекендерге, аудандарды жылу мен электрмен қамтамасыз етеді.
«Келісім–шартқа қол қою – «KazakhmysEnergy» мен коструктивті (құрылымды) жұмысты дамытып ұзақ уақыттық қарым-қатынасқа апаратын маңызды кезең. Біздің бірігіп жұмыс жүргізуіміздің нәтижесінде өндіріс құралдарының сапасы жақсарып, «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік нысандарын энергия көзімен қамтамасыз ету жақсарады, сенімділікке ие болады.»- деп атап өтті «Атомэнергомаш» АҚ бас директоры Андрей Никипелов.
Қазақмысқа жылу –қазандық құралдарын жобалау және өндіру саласындағы халықаралық жетекші компаниялардың халықаралық кооперациясы тәжірибесіне негізделген жаңа технологиялық шешімдер ұсынылады». Сонымен қатар бұл жұмысты іске асыруға Қазақстан Республикасында орналасқан өндіріс ошақтары да тартылады.
KazakhmysEnergy құрамына бойында 663 МВт электр қуаты бар БЭТС және 152 МВт мен 115 МВт электр қуаттары бар екі ЖЭО кіреді.
"Біз ресейлік әріптестермен екіжақты пайдалы келісімге келгенімізге қуаныштымыз. Алдағы уақытта біздің өндірістеріміздің жұмысын жандандыруға және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз" - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас энергетигі Сүлейман Ибрагимов.