Экономика
ҚР Үкіметі 8 желтоқсанға дейін дағдарысқа қарсы жоспарды бекітеді
Үкімет 8 желтоқсанға дейін дағдарысқа қарсы жоспар мен халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қабылдауы тиіс. Бұл туралы ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТаг.
"Мен барлық ағымдағы бағдарламаларды біріңғай дағдарсқа қарсы жоспарға біріктіруіміз керек деп санаймын. Оларды біз кәсіпкерлікті қолдау барысында талқыладық. Ұлттық экономика министрлігіне соны дайындауды тапсырамын", - деді ол үкімет отырысында.
"Бізде екі бағдарлама қалды - дағдарысқа қарсы жоспар мен жұмыспен қамту бағдарламасы, осы екі құжат. Дағдарысқа қарсы жоспар бойынша жетекшілік ететін - ұлттық эконмика министрлігі. Бақытжан Сағынтаев бәрінің басын қосыңыз. Жұмыспен қамту бағдарламасын да. Мерзімі - 8 желтоқсан, осы екі құжатты сол кезде қабылдауымыз керек", - деді үкімет басшысы.
Фото: egemen.kz