Мұнай бағасы 20 $-ға дейін төмендейтін жағдай үшін арнайы жоспар құрылды
24 ноября, 2015
Қазақстан мұнай бағасы барреліне 20 долларға дейін түсетін жағдай үшін арнайы жоспарын әзірлеп қойды. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Менің тапсырмам бойынша, егер мұнай бағасы барреліне 30, 20 долларға төмендейтін жағдайға арнайы шаралар ойластырылды. Әрине, бұл оңайға түспейді. Бірақ,біз, барлығымыз бірігетін болсақ, бұл қиындықтан шығып кететімізге сеніуіміз керек",- деді Н.Назарбаев. Фото: www.bbc.com