Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE-дегі сауда көлемі 77 млн доллардан асты

KASE-дегі сауда көлемі 77 млн доллардан асты

25 қараша күні Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясында (KASE) доллардың орташа бағамы 307,08 теңгені құрады. Бұл туралы биржа сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 307,07 теңгені құрады. Максималды курс — 307,40 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 307,07 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі  77 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 110. 25 қараша күнгі доллардың ресми курсы 307,13 теңге болды. Осылайша, 26 қараша күнгі 1 доллардың курсы 307,08 теңгені құрайды. Фото:news.caravan.kz

Похожие материалы