Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жеңіл автокөлік сатылымы 40%-ға төмендеді

Қазақстанда жеңіл автокөлік сатылымы 40%-ға төмендеді

Қазақстандағы автосалондарда жыл басынан бері жеңіл көлік сату 40 пайызға қысқарған. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәлімдеуінше, қазан айында 7,5 мыңнан аса автокөлік сатылған. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 10 пайызға аз болып отыр. Кей сарапшылардың пікірінше, жеңілдікпен берілетін автонесие бағдарламасы жағдайды жөндеуге ықпал ете алмайды. Өйткені теңгенің кезекті құнсыздануы көлік құнын 20 пайызға қымбаттатқан. Кейбір салондар бұрынғы бағаммен алынған көліктерді сатып болмағандықтан, жаңа әкелінген машиналарға бағаларды қоймаған. "Сатылымның азаюына сұраныстың жоқтығы себеп болуда, – дейді мамандар. Фото: almaty3d.kz

Похожие материалы