Марк Цукерберг әйелі Присцилла Чан екеуі Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы ria.ru хабарлайды.
«Біз Facebook акцияларының 99%-ын құрайтын 45 миллиард долларды өміріміздің соңына дейін қайырымдылыққа жұмсаймыз. Осылайша болашақ ұрпақ өмірін жақсартқысы келетіндерге көмектесеміз», - деп жазды Цукерберг әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол бұл жазбаны ол өзінің кішкене қызы дүниеге келуіне байланысты жариялаған, ерлі-зайыптылар бүлдіршіннің атын Макс деп қойған.
Фото:AFP