Экономика
20 миллиардердің қаражаты америкалықтардың жалпы табысының 50 пайызын құрайды
АҚШ-тың ең бай 20 азаматының қаражаты әлеуметтік жағдайы төмен америкалықтардың жалпы табысының 50 пайызын немесе 152 млн адамның қаржысын құрайды. Бұл туралы MarketWatch басылымы хабарлайды.
Саяси зерттеу институтының есебі бойынша (Institute for Policy Studies, IPS), америкалық ауқатты 20 азамааттың активтерінің сомасы - 732 млрд доллар. Осы арқылы америкалықтар әлемнің ең ауқатты 400 азаматының тізіміне кіреді.
Есепті жасаушылардың сөзінше, халықтың әл-ауқатына байланысты салық енгізу арқылы байлар мен кедейлер арасындағы кіріс айырмашылығын қысқартуға болады. Мысалы, АҚШ-тың бай азаматтарының активінің 1%-ы салыққа төленсе, мемлекет қазынасына 10 жыл ішінде 2,6 трлн доллар қаржы түседі. Бұл экология мен білімге бөлінген бюджет шығындарынан көп болады.
Фото: thinkandrich.ru