Сақтандыру:
- Экономикада өте маңызды орын алады.ең маңыздысы ол адам өмірің неше түрлі жағдайдағы қауіпсіздігін қорғайды.
- Экономикалық қарым-қатынастың түрлі адаммен өндірістік процес арасында қалыптасады.
- Жеке тұлға мен заңды тұлғаның шеккен зияны мен шығынды қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді, шеккен зиянды қайта қалпына келтіріу,сақтандыру қорындағы қаржы қаражаттарымен қайтарады.
Қарапайым тілмен айтқанда сақтандыру-халықтың жеке және шаруашылықтық мүліктік мүдделерін табиғи апаттан немесе басқада белгісіз төтенше салдардан болатын шығындардан арнайы мақсатты қор құру арқылы сақтандыру. Оның негізгі қайнар көзі сақтандырушылардың сақтандыруға төлеген төлемі.
Сақтандырудың қызметтері:
- Сақтандыру қызметінде қаржы және несиені байланысиратын жағы бар,экономикада бұл қызымет өзіне лайықты міндетін атқарады.жалпы қызыметте мыналарды атап айтуға болады
- ақша қаражаттарындағы мамандандырылған сақтандыру қорларын қалыптастыру.
- шеккен зияны мен шығыны бар азаматтарды жеке материялдық қамтамасыз ету.
- Қаржы саласындағы бөлу қызметін атқарады:
- Тәуекелдік қызметі
- Ескертіу қызмті
- Бақылау қызметі
- жинақтау қызметі
- Сақтандыру ұйымдарының топтастырлуы :
Сақтандыруды топтастыру өз алдына ғылыми жұйе құрады.бұл олардың атқаратын қызыметтер мен салаларна байланысты.
Ұйымдастырудың тұрлеріне байланысты сақтандырудың түрлері былай бөлінеді:
- Мемлекеттік сақтандыру
- Акционерлік сақтандыру
- Өзара сақтандыру
- 4. Кооперативтік сақтандыру
- 5. Медициналық сақтандыру
Сақтандыру объектісі
Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі болып, қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша туындаған міндеттемелеріне байланысты жұмыс берушінің мүліктік мүддесі табылады.
Сақтандырудағы жалпы ережелер:
Жұмыс берушінің жұмысшылар алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға байланысты :
- Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болып табылады.
- Сақтандыру аумағы болып Қазақстан Республикасының барлық аумағы саналады.
- Қамту мерзімі – қызметтік міндеттерін орындау мерзімі, қызметтік іссапарда болу мерзімі; Сақтанушының көлігінде жұмысқа бару және жұмыстан қайту жолында екі сағаттық аралығында; техникалық үзіліс және тамақтану үзілісі; жұмыс уақтысында қоғамдық көлікте немесе жаяу жүру бағытында, егер еңбектік міндеттерін атқару жол жүрумен байланысты болса; жұмыс уақтысында қызметтік немесе жеке көлікте, егер оны қызмет мақсатымен басқаруға әкімшіліктің өкімі болса
Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
- Сақтандырушы міндетті:
- Сақтанушыны жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының ережелерімен таныстыруға, және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын оның құқтары мен міндеттерін түсіндіруге;
- сақтандыру жағдайы басталғанда, осы сақтандыру Шартына және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру Ережесіне сәйкес, сақтандыру төлемін атқаруға;
- өз қызметі нәтижесінде Cақтанушы және Пайда алушы туралы алған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
- Сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту бойынша шеккен шығындарын өтеуге;
- осы сақтандыру Шартына сәйкес, аннуитеттік сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға;
осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қамтылған өзге де іс -әрекеттер жасауға.
- сақтандыру төлемін атқарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Пайда алушыға уәжді себептері көрсетілген жазбаша ұйғарымын жолдауға;
1.қазақстандағы сақтандыру түрлері:
- Бүгінде қазақстанда сақтандырудың екі түрі бар
- Міндетті
- Ерікті
- Міндетті-заңмен бекітілген және оның талабын орындауға барлық адам міндетті,яғни адамдардың белгілі әрекетпен айналыспауға қойылатын заң жүзіндегі талап.
- Ерікті –адамдардың жеке өмірі және шаруашылық жағдайындағы мүліктік мүдделерін әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туындайды.
Ерікті сақтандыру:
- Мүліктік және жеке деп екіге бөлінеді.
- Жеке сақтандыру-азаматтың өмірін,денсаулығын,еңбекке қабылеттігін және жеке басына байланысты өзге де әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туады.
- Жазатайым оқиғалардан
- Ауырудан
- Өмірде белгілі оқиғалардың басталуына байланысты
- Өмірді сақтандыру
Көп елдерде ерікті сақтандыру сыйақысы сақтандыру компаниясының сыйақысының 50-80% ұстаса,қазақстанда небәрі 2% ғана. Ол жан басына шаққанда 4$ құраса, дамыған елдерде айталық АҚШ-та-1661$, Жапонияда-2528$. Ұлыбританияда-2725$, Швецарияда-3291$.
Мүліктік сақтандыру:
- Мүлікті сақтандыру және жауапкершілікі сақтандыру.
- Мүліті сақтандыру –заңды және жеке тұлғалардың жылжымаитын мүліктерін,көліктерін,малын,ұй мүліктерін.ауылшаруашылық өнімдерін,қондырғыларын,шикізат және т.б.ларды сақтандыруда туындайтын қатынас.
- Жауапкершілікті сақтандыру-бұл көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,жүмыс беріушінің жүмысшылар алдындағы жауапкершіліктерін сақтандыру ,кәсіпорындардың 3-түлғаға тигізетін залалдарын сақтандыру және т.бзаңды және жеке түлғалардың заң жүзінде туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыруға байанысты қатыныс.
Сақтандыру компаниялары:
- Қазіргі кезде қазақстанда жеке сақтандырудың бір бөлігі -өмірді сақтандыру. Қазақстанда сақтандыру саласын дамытудың басым бағыттарының бірі, бұл салада қызмет ететін 4 компания бар.
Мемлекеттік меншіктегі "аниуитеттік компания" және жеке меншік:
- "БТА өмірді сақтандыру"АҚ
- "Валют транзит-life"АҚ
- "Халық life"АҚ
- "Номад Иншуранс" АҚ
Терминдер:
- Сақтандыру сомасы – Сақтандырушының Шарт бойынша өз міндеттерін атқарған көлеміндегі Шартпен белгіленген ақшалай сомасы. Сақтандыру сомасы Сақтандырушының жауапкершілік шегі болып табылады. Кез келген жағдайда, сақтандыру төлем мөлшерінің шегі (жауапкершілік шегі) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша Шартпен белгіленген сақтандыру сомасынан аспайды.
- Сақтандыру (сақтандыруды қорғау) – Сақтандырушының міндеттемесі, тиісті тұлғаға сақтандыруды қорғау кезінде болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін, Шарт тәртіптеріне сәйкес жүзеге асыру.
- Сақтандыруды қорғау мерзімі – сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелері пайда болған мерзімі.
- Суброгация -subrogation - келтірілген залалға жауапты тұлғаға Сақтанушының талап қою құқының сақтандыру төлемін атқарған Сақтандырушыға ауысуы. Шағымдану құқына, талаптануға және одан басқаға қатысты жағдайларда бір тұлғаны басқамен ауыстыру.
- Зиянды өндірістік факторы - өндірістік фактор, оның қызметкерге тигізген әсері ауруға немесе еңбекке жарамдығын төмендетуге апаруы мүмкін;
- Сақтанушы – Сақтандырушымен сақтандыру Шартына отырған тұлға;
- Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға, атап айтқанда, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Шартта белгіленген тәртіп бойынша сақтандыру төлемдерін атқаруға міндетті;
- Пайда алушы – сақтандыру төлемдерін алушы тұлға; Шарт ережелеріне сәйкес, сақтандыру төлемдерін алушы болып Сақтанушы табылады.
- Сақтандыру сыйақысы - Сақтанушының Сақтандырушыға, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, соңғының Шарт тәртібіне сәйкес сақтандыру төлемдерін атқару міндеттемелерін өзіне алғандығы үшін, төлеуге міндеттелген Шартта көрсетілген сомасы;
- Сақтандыру жағдайы – Шартта көзделген төлемдерді атқаруға себеп туғызушы оқиға.