Экономика
9 желтоқсанға арналған валюта курсы
ҚР Ұлттық банкі сейсенбі күні 9 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгіледі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
АҚШ доллары – 307,87 теңге, 1 еуро – 334,65, рубль – 4,43, 1 фунт стерлинг – 462,61, жапон йені – 2,50, 1 қытай юаньы – 47,98, 1 қырғыз сомы – 4,22, 100 өзбек сумы – 11,33 теңге.
Теңгеге қатысты АҚШ долларының ресми бағамы 8 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясы кезінде белгіленді. Сессия кезіндегі доллардың орташа бағамы — 307,87 теңге.
Басқа шетел валюталарына қатысты теңге курсы Алматы уақытымен 15:00-де кросс-курс есебі бойынша белгіленeді.
Фото: forbes.kz