Экономика
Доллар бағамы 309,12 теңгеге көтерілді
Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясы кезінде доллар бағамы 1,25 теңгеге қымбаттап, орташа курс 309,12 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында жазылды.
Таңғы сессия нәтижесінде сауда көлемі сейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда 600 мың долларға артып, 52,6 млн долларды құрады.
Доллар курсы Brent мұнай маркасының бағасына байланысты қайта нығая бастады. Айта кетейік, мұнай бағасы 4 желтоқсаннан бері төмендеп жатыр. Бұл ОПЕК-тің мұнай өндірісіне қатысты квотаның көтеріліуіне немесе төмендеуіне байланысты шешім қабылдаудан бас тартуынан болып отыр. Сейсенбі күні қара алтынның бағасы 40 долларға төмендеді.