Экономика
10 желтоқсанға арналған валюта курсы
ҚР Ұлттық банкі бейсенбі күні 10 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгіледі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
АҚШ доллары – 309,12 теңге, 1 еуро – 337,56, рубль – 4,47, 1 фунт стерлинг – 464,82, жапон йені – 2,52, 1 қытай юаньы – 48,10, 1 қырғыз сомы – 4,24, 100 өзбек сумы – 11,38 теңге.
Теңгеге қатысты АҚШ долларының ресми бағамы 9 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясы кезінде белгіленді. Сессия кезіндегі доллардың орташа бағамы — 309,12 теңге.
Басқа шетел валюталарына қатысты теңге курсы 9 желтоқсанда Алматы уақытымен 15:00-де кросс-курс есебі бойынша белгіленeді.