Қазақстан заңсыз ақша шығару бойынша дамыған 149 елдің арасында 11-орында. Бұл туралы америкалық Global Financial Integrity ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТаг.
Үкіметтік емес ұйымның зерттеу нәтижесі бойынша, 2004-2013 жылдары Қазақстаннан 167 млрд 401 млн доллар заңсыз шығарылған. Ең көп сома 2008 жылы тіркелген. Қаржы көлемі - 26 млрд 592 млн доллар. 2013 жылы - 24 млрд 529 млн, ал 2007 жылы - 20 млрд 794 млн доллар. Ең аз мөлшердегі сома 2004 жылы болған. Бұл жылы - 8 млрд 951 млн доллар, 2010 - 11 млрд 236 млн, 2009 жылы - 11 млрд 693 млн долларды құрады.
Ұйым атап өткендей, Қазақстанда заңсыз шығарылған қаржының орташа көлемі -жылына 16 млрд 740 млн доллар.
Заңсыз ақша шығарылған мемлекеттердің алғашқы үштігі - Қытай (орташа 139 млрд 977 млн доллар), Ресей (104 млрд 977 млн доллар) және Мексика (52 млрд 844 млн доллар) елдері.
Фото: crediti-bez-problem.ru