Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

3-5 қыркүйекке арналған ресми валюта бағамы

3-5 қыркүйекке арналған ресми валюта бағамы

Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz Қазақстанның Ұлттық банкі жұма күні 3-5 қыркүйекке арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 341,97 теңге, 1 еуро — 382,15 теңге, ресей рублі — 5,20 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 453,55 теңге, жапон йені— 3,30 теңге, 1 қытай юаньы — 51,18 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,96 теңге, 100 өзбек сумы— 11,46 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 2 қыркүйектегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 341,97 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.

Похожие материалы