Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ақша айырбастау пунктері мен банктерде доллар 330 теңгемен сатылуда

Қазақстандағы ақша айырбастау пунктері мен банктерде доллар 330 теңгемен сатылуда

Дүйсенбі күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 3,3%-ға құлдырап 322,47 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында сату/сатып алудың орташа курсы 1 долларға 328/330 теңгені құрады. 

Астанадағы ақша айырбастау пунктерінің бір бөлігі АҚШ долларын сатып алмайтын болған. "Долларды сату бағасы бір долларға 333 теңге. Долларды сатып алмаймыз, тек сатамыз",- деді "Алма" ақша айырбастау орынында. Осындай жағдай "Изобилие – Астана" ақша айырбастау орынында да байқалды. Долларды сату бағамы бір долларға 330 теңге. "Жибек Жолы НМ Валют" ақша айырбастау пунктінде долларды сатып алу бағамы 326 теңге болса, сату 328 теңгені құрады. Алматыдағы "Тенге-Exchange-дегі"  долларды сатып алу/сату курсы 328,5/330,5 теңге, ал "Оника" ақша айырбастау орнында 328/330 теңге болды. Сонымен қатар банктердегі валюта бағамы да өсті. Казкомдағы долларды сатып алу курсы бір долларға 327 теңгені құраса, сату курсы - 329 теңге болды. Сбербанктегі курс: сатып алу - 327,80 теңге/$1 болса, сату - 331,60 теңге/$1. Халық банктегі долларды сатып алу бағамы 328,51 теңге, ал сату - 330,49 теңге.

Похожие материалы