Экономика
Выбор редактора
Аптаның қаржы қорытындысы
Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 14-18 желтоқсан аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.
Дүйсенбі, 14 желтоқсандағы таңғы сауда доллардың өсімімен
басталды. Таңғы сессия кезінде доллардың орташа курсы 322,47 теңгені құрап, ұлттық валюта жұмадағы саудамен салыстырғанда 10,55 теңгеге құлдырады. Ал күндізгі сауда сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 331,33 теңге
болды. Екінші деңгейлі банктерде америкалық валюта 335 теңгеден сатылды. Қазақстан валютасы бір аптаның ішінде құнының 10 пайызға жуығын жоғалтты.
Осы күні Google компаниясы Қазақстанда ең көп ізделетін кілт сөздерді тұңғыш рет жария етті. 2015 жылы қазақстандықтар «доллардың теңгеге қатысты бағамы», «сұрдың 50 реңі» туралы ақпаратты көп
іздеген.
Сейсенбі, 15 желтоқсанда қор биржасындағы доллар 337,80 теңгеге дейін
өсті. Бұл дүйсенбідегі таңғы саудадағы көрсеткішпен салыстырғанда 15,33 теңгеге артық. Ал Алматыдағы айырбастау пункттерінде американдық валюта 339- 340 теңгемен
сатылды.
Бұл уақытта ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 36,62 долларға дейін
түсті. Бұл 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Осы арада Ұлттық банк қара алтын бағасының төмендеуі қосымша қысым түсіп жатыр деп мәлімдеді. «Ұлттық банк теңге курсындағы қысқамерзімді өзгерістерді реттеп отыру үшін ішкі валюта нарығына қатысады. Бірақ шетелдік валютаға деген ұсыныс пен сұранысты анықтайтын факторлардың әрекетіне кедергі болмайды», —
делінген реттеуіштің сейсенбіде таратқан хабарламасында.
Сәрсенбі, 16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Ұлттық банктың сейсенбіде демалыс күндеріне арнап жариялаған бағам бойынша, доллар 337,80 теңге, 1 еуро - 372,36 теңге деп
белгіленді.
Зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға ғана инвестицияланатындығы белгілі
болды. Сондай-ақ мемлекет басшысының Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудың және инвестициялаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындауда.
Бейсенбі, 17 желтоқсанда ФРЖ 9 жылдан бері алғаш рет негізгі мөлшерлемені көтерді. Базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға
жоғарылатты. ФРЖ басшысы Джанет Йеллен мөлшерлеме бір жыл бойы көтерілуі мүмкін екендігін де ескертті. Бұған АҚШ экономикасының қайта қалпына келуі себеп болды.
ФРЖ басшыларының болжамы бойынша, 2016 жылы мөлшерлеме 4 рет көтеріліп, 2017-2018 жылдары ақша-несие саясаты қатаңдай
түспек. Сарапшылардың айтуынша, мөлшерлеменің артуы америкалық валютаның барынша қымбаттауына әсер етеді.
Қазақстандықтар үшін демалыс күндері ақша айырбастау бөлімшелерінен долларды сатып алу мүмкін болмады. Пунктер АҚШ валютасын тек клиенттерден сатып алу қызметін
ұсынуда.
Жұма, 18 желтоқсанда таңертеңгі саудада теңгенің долларға қатысты бағамы 3,3%-ға құлдырап 322,47 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында сату/сатып алудың орташа курсы 1 долларға 328/330 теңгені
құрады. Ал күндіз америкалық валюта бағамы жоғарылап, 342,49 теңгеге
жетті. Сессия жабылу кезінде курс 344 теңге болған.
Жұма күні Brent маркалы мұнай
қымбаттады. Бұған Америка Құрама Штаттарында энергетикалық қорлардың көбейіп, WTI мұнай бағасының құлдырауы, сондай-ақ Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) базалық мөлшерлемесінің өсуі себеп болды.