Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинаның сыртқы қарызы 127 млрд доллар болды

Украинаның сыртқы қарызы 127 млрд доллар болды

Украинаның сыртқы қарызы 126,98 млрд доллардан 127, 53 млрд долларға артты. Мұндай көрсеткіш Украина Ұлттық банкінің 2015 жылдың үшінші тоқсандағы есебі бойынша белгілі болды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Қарыздар мемлекеттік басқару шығындары (37,02 миллиард доллар) бойынша артқан. Украинаның халықаралық резерв көлемі 12,96-дан 13,15 миллиард долларға өсті. 2015 жылдың 3-ші тоқсанындағы есепке сәйкес, Украина елі 12,13 миллиард доллар көлемінде қызмет түрі мен тауар экспорттаған, импорт көлемі - 12,43 миллиард доллар. Сауда балансының айырмасы 300 млн долларға азайған. 18 желтоқсан күні Халықаралық валюта қоры Киевке қаржылық қолдау бағдарламасының тоқтатылуы мүмкін екені туралы ескерту жасады. Бағдарлама жүзеге асырылу үшін мемлекет ХВҚ шарттарына сай болу керек. Фото: public.od.ua

Похожие материалы