Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы министрлігі наурызға дейін жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заң жобасын жасайды

Қаржы министрлігі наурызға дейін жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заң жобасын жасайды

ҚР Қаржы министрлігі 2016 жылдың күзінде жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

"Біз наурыз айына дейін заң жобасын жүзеге асыруымыз керек. Сөз жеке тұлғалардың банкрот болуына байланысты болып отыр. Наурыз айында үкіметте заң жобасының тұжырымдамасын енгізіп, күзде парламент сессиясына нақты заң жобасымен кіруді жоспарлап отырмыз", - деді ол дүйсенбі күні журналистермен кездесу барысында. Айта етейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 қарашадағы халыққа арнаған жолдауында үкіметке банкрот болуды алдын алу мақсатында тиімді шараларды жүзеге асыруды тапсырған болатын. Фото:www.almaty.tv

Похожие материалы