Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 30-40 доллар болғанда, теңге бағамы өзгеріссіз қалады

Мұнай бағасы 30-40 доллар болғанда, теңге бағамы өзгеріссіз қалады
 

Brent маркалы мұнайдың бағасы бір барелліне 30-40 доллар диапазонында болса, теңге бағамы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Алдағы уақытта теңгенің айырбас бағамының деңгейі валюта нарығында  мұнай бағасына тікелей баланысты болады. Яғни, теңгенің бағамы жақын кезеңде «Бренд» маркалы мұнай бағасы бойынша бір баррельдің құны 30-40 АҚШ доллары диапазонына бейімделуі тиіс. Егер, мұнай бағасы бұдан бетер төмендейтін болса, яғни бір баррельдің құны 30 доллардан төмендеп, Ресей рублі  10 %-ға құнсызданатын болса, теңгенің бағамы да сәйкесінше, жаңа деңгейге көтеріледі», - деді Д. Ақышев. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан қор биржасының (KASE) 22 желтоқсандағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 336,66 теңге болды. Фото: newskaz.ru 

Похожие материалы