Экономика
«Альфа-Банк» басшылығы өзгерді
«Альфа-Банк» АҚ ЕБ Директорлар Кеңесінің шешімімен банктің Директорлар Кеңесі Төрағасының қызметініне Поз Илья тағайындалды. Бұл туралы «Альфа-Банктің» баспасөз қызметі хабарлады.
Илья Владимирович Поз 2000 жылы «менеджмент» мамандығы бойынша Омск мемлекеттік университетін бітірді. Банк саласында 16 жыл тәжірибесі бар. 2008 жылдан бастап «Альфа-Банк» ААҚ жұмыс істейді.
2010 жылдан бастап - «Альфа-Банк» ААҚ «Корпоративті-инвестициялық банк» корпоративті бизнес блогінің бірігіп басқарушысы. 2012 жылдан бастап – басқарма төрағасының орынбасары, «Альфа-Банк» ААҚ Корпоративті-инвестициялық банктің бас операциялық басқарушысы.
2013 жылдың қараша айынан бастап - «Альфа-Банк» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары, стратегия бойынша директоры, банктің бас несие комитетінің мүшесі, Шағын несие комитетінің төрағасы болып табылады.
2012 жылдың қазан айынан бастап Альфа-Банк АҚ ЕБ Директорлар Кеңесінің мүшесі.
Естеріңізге сала кетейік, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ ресей «Альфа-Банк» АҚ еншілес банкі болып табылады және Ресей, Украина, Беларусия мен Нидерландияға танымал «Альфа-Банк» халықаралық банктік топқа кіреді. Альфа-Банк – Қазақстандағы алғашғы ресей банкі, елде 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Банк Депозиттерді кепілдендіру қорының қатысушысы болып табылады.
Фото:http:70.appm.ru