Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бизнеске арналған 39 рұқсат құжатының күші жойылады

Қазақстанда бизнеске арналған 39 рұқсат құжатының күші жойылады

Қазақстанда бизнес жүргізуді жеңілдету үшін 39 рұқсат құжатын алып тастау ұсынылды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Парламент мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

«Заң жобасына сәйкес, 39 рұқсаттың күші жойылады. Яғни, заңнамадан, сонымен бірге реттеуші мемлекеттік органдар құзыретінен рұқсат беру құжаттарын беру жөніндегі функцияларды алып тастау көзделген. Бұдан бөлек, 18 рұқсатты хабарлама жасау тәртібіне ауыстыру қарастырылады. Бұл ретте кәсіпкерге қызметті бастағанға дейін реттеуші мемлекеттік органға қажетті ақпаратты көрсете отырып, хабарлама жіберсе жеткілікті болады. Ал 95 рұқсат беру рәсімдері оңтайландырылады. Осыған байланысты «бір терезе» қағидаты бойынша, яғни кәсіпкерге рұқсат берген кезде кәсіпкердің құжаттар жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын, оның мемлектетік органдармен тікелей байланыстарын шектеуді көздейтін рұқсат құжаттарын орталықтандырылған түрде беру қамтылады», - деді Е.Досаев.
Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау бизнеске деген қысымды азайтуға, әкімшілік тосқауылдар санын қысқартуға, мемлекеттік органдарды артық функциялардан арылтуға, сонымен бірге, кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Фото: nalogikz.kz

Похожие материалы