Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қыста курортта демалу үшін қанша ақша керек?

Қыста курортта демалу үшін қанша ақша керек?

Қар мен мұз, боран мен аяз - қыстың көркем көріністерінің бір бөлігі ғана. Көпшілік қыс келген сәттен шаңғы-конькилерін сайлап, тауға шығуға даярлана бастайды. Тауспортын сүйетіндерге арнап Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің тау-шаңғы курорттары абонементтерін салыстырып, ұсынып отырмыз. Қазақстанда бағаларда өзгеріс байқалмады. Ал, теңге құнсыздануының салдарынан былтыр 48 мың теңге болған абонементтер биылғы жылы 80 мың теңгені құрап отыр. Қырғыз ағайынның курорттарында баға 70%-ға өскен. Бәрін рет-ретімен тарқатсақ:

Шымбұлаққа шықсам...

chimbulak1 Демалыс күні Шымбұлаққа шығу үшін ересек адамға күндізгі абонемент бағасы 8 мың теңге, бір аптаға - 32 мың теңге. Бір айта кетерлігі, қазақстандық курорттарда баға былтырғыдан өзгермеген. Десе де, курорттың сайтында 2015 жылдың 26 желтоқсанынан бастап, 2016 жылдың 10 қаңтарына дейінгі аралықта "демалыс күнгі тарифтер" қосылды делінген.

Айналайын "Ақ бұлақ"

akbulak Алматыдан 40 шақырым жерде, Іле Алатауының бөктерінде "Ақ бұлақ" атты база бар. Қысқы спорт түрлерімен айналысамын деушілерге демалыс күні 7 мың теңге керек. Екі демалыс күні абонементі үшін (жұма күні кештен бастап жексенбіге дейін) 12 мың теңге төлейсіз, бес күнге (дүйсенбі-жұма аралығында) - 15 мың теңге. Бұл курортта да бағада өзгеріс байқалмады.

Шығыстың "Нұртауы"

dfb20d065a7d Өскеменге таяу жерде орналасқан "Нұртау" тау-шаңғы курортында жұмыс күндеріне арналған күндізгі абонементтер бағасы - 5,5 мың теңге, демалыс күнінде - 8 мың теңге. 5 қаңтарға дейінгі аралықта мерекелік тарифтер қосылған.

Айыр қалпақты ағайынға барсам...

hotel_Kapriz-Karakol Қыс мезгілін жақсы көріп, спортпен белсенді айналысатындардың көпшілігі көршілес Қырғыз еліне баруға құмар. Ол жерде "Қаракөл" тау-шаңғы базасы бар. 2015 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, 2016 жылдың 11 қаңтарына дейін күндізгі ski-pass алу үшін 1200 қырғыз сомын немесе 5 112 теңге төлеу қажет. Бұл жердегі жағдай сәл өзгеше. Себебі, бір жыл ішінде баға 70%-дан астам көлемде өскен.

Еліктірген Еуропа, елес боп кетпе!

sestriere1 Өткен жылы қазақстандық және еуропалық курорттардағы бағаларда аса айырмашылық болмаған еді. Осы жылы теңгенің құлдырауынан соң ахуал біраз өзгерген. Мәселен, итальяндық Соуз д’Улькс (Sauze d’Oulx) трассаларында ересек адамдардың абонементі 222 еуро немесе 80 мың теңге тұрады. Өткен жылы қазақстандықтар жеті күндік ski-pass-ты 48 мың теңгеге алатын. Айырмашылық сезіле ме, қалай?

Альпының аясында демалу үшін...

station-de-ski-la-norma Француз Альпы тауларындағы Ла Норма (La Norma) өз келушілеріне алты күнге арналған абонемент ұсынған. Оның бағасы 14 еуро немесе 50 411 теңге. Алты, жеті және сегіз күндік абонементтер La Norm сайтынан алынған болса, 5% жеңілдік береді. 3089-so-2013-val-thorens-photo-fond-04-fr Әлемнің "ең, ең" деген курорттарында демалу осы жылы екі еседей қымбатқа түседі. Теңгенің бүгінгі ахуалы бәріне белгілі. Француз Альпы тауындағы Валь Торанс (Val Thorens) аңғарларына бару үшін абонементті 223-289 еуро аралығында немесе 79 729-103 326 теңге аралығында сатып алуға тура келеді. 271_1 Швейцариядағы белгілі Лаакс (Laax) демалыс аймағына жол тартамын десеңіз, 427 швейцар франкы немесе 141 161 теңге шығаруға дайын болыңыз. Лаакста 60 түрлі шаңғы трассалары бар. Бұл жерге көпшіліктің қызығатыны да осы себепті. gornolyizhnyiy-kurort-Kurshevel Куршевель (Courchevel) француз курортының барлық үш алқабында да баға бірдей - 289 еуро немесе 103 326 теңгені құрайды. Адам көп баратын жерлердің ұсынған бағалары осындай. Келе жатқан мерекелеріңізбен! Дереккөз: LS порталы

Похожие материалы