Экономика
Медиа
2015 жылы 110 журналист өлтірілген
"Шекарасыз репортерлер" («Репортеры без границ») халықаралық ұйымының мәліметіне сәйкес, 2015 жылы қызметіне байланысты 67 журналист өлтіріліп, тағы 43-нің өлім себебін анықтау мүмкін болмаған. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.
Журналистер ең көп қаза тапқан қауіпті аймақ - Ирак және Сирия. Ал үшінші орында -Франция мемлекеті. Бұл 2015 жылдың қаңтар айындағы Charlie Hebdo газетінің редакциясына жасалған шабуылмен байланысты. Екі лаңкес газеттің он қызметкерімен қоса, екі полицейді өлтірген.
Ал, қалған 36%-ы әскери қақтығыстар болған аймақтарда қайтыс болған. Олардың арасында екі әйел адам бар.
Фото: vlast.kz