"Біздің жоспарымызда 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар тас жолдардың 7 шақырымына ақылы жүйені енгізу қарастырылып отыр. Автокөлік жолдарында ақылы жүйені енгізуде бірінші категория бойынша барлық көліктерге ақылы болады, екінші категорияда тек жүк көліктеріне ақылы болмақ. Қорыта айтқанда, 2022 жылға қарай ақылы жолдан мемлекет бюджетіне 41 миллиард теңге (220 миллион доллар) пайда түседі. Бұл қаржы еліміздегі ақылы жолдарды қамтамасыз етуге толығымен жетеді, бюджетке салмақ түсірмейді", - дейді ол.
Қазіргі таңда Қазақстандағы ақылы жол - "Астана-Шортанды" тас жолы. Автожол 2013 жылы пайдалануға берілген. "Астана-Шортанды" тас жолында жеңіл автокөліктерге арналған тариф - 200 теңге. Ал жүк көліктерінен 1000-5200 теңге көлемінде ақы алынады.
Ал алдағы уақытта ақылы болатын автобандар мыналар: «Астана-Теміртау», «Астана-Павлодар», «Алматы-Қапшагай» Астана-Атбасар және Қызылорда-Шымкент бағытында.
2017 жылы аяқталатын жолдардың бірі - "Астана-Теміртау". Бұл аралықтың құрылысы 2013 жылы басталған. 169 шақырымның әзірге 12 шақырымы былтыр пайдалануға беріліп қойса, 125 шақырымы келер жылы кезегін күтіп тұр. Қалған 34 шақырым жолды 2017 жылы пайдалануға береді.
Айта кетейік, елімізде 2020 жылға дейін 7 мың шақырым ақылы жол қолданысқа беріледі.
Фото: vmeste.com.
Маржан Нүсіпбек, Дарын Шөкенов "7"