Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық ауыр атлеттерге 50 мың доллар көлемінде айыпұл салынды

Қазақстандық ауыр атлеттерге 50 мың доллар көлемінде айыпұл салынды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ауыр атлеттер допинг қолданғаны үшін Қазақстанға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды today.kz.

Айыппұл көлемі Хьюстондағы әлем чемпионатында допинг қолданған спортшылардың санына қарай көрсетілген.  Спортшылары ең көп допинг қолданған – Әзірбайжан құрамасы. Әзірбайжанның алты, Ресейдің төрт, Қазақстан, Молдова және Қытайдың үш спортшысы допинг қабылдағаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілді.
Осылайша, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Әзірбайжанға 200 000, Ресейге 100 000, қалған үш құрамаға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салды. Егер аталған құрамалар айппұлды дер кезінде төлемесе, 2016 жылғы Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарына берілген жолдамаларлар кері қайтарылуы мүмкін. Айта кетейік, Хьюстондағы әлем чемпионатында қазақстандық ауыр атлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайға допинг қолданғаны үшін айып тағылған. Фото: today.kz

Похожие материалы