Экономика
Қазақстанда 2015 жылғы инфляция деңгейі 13,6%-ды құрады
Қазақстанда 2015 жылғы инфляция деңгейі 13,6%-ды құрады. Бұл туралы статистика комитетінің ресми сайтында хабарланды.
Өткен жыл үшін бағаның өсуі қайта өңделген және консервіленген жемістерге - 48,5%, күнбағыс майына – 29,2%, жаңадан жиналған жемістерге – 26,7%, құмшекерге – 20,1%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 19,8%, балық және теңіз өнімдеріне – 19,5%, жұмыртқаға – 18%, алкогольсіз сусындарға – 16,9%, қарақұмық жармасына – 16,4%-ға, тоқаш және ұннан дайындалған, кондитерлік өнімдерге – 15,2%-дан, нанға – 14,4%, консервіленген сүтке – 14,2%, алкогольді ішімдіктерге – 12,6%, бірінші сұрыпты ұнға – 11,6%-ды құрады.
Баға өсімі тоқыма бұйымдарына 35,4%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 34,9%, киім және аяқ киімге – 32,9%, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға – 32,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 31,6%, фармацевтикалық өнімдерге – 31,3%, тұрмыстық аспаптарға – 25,4%, кітаптарға – 24,3%, жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға – 21,9%, автомобильдерге – 20,9%, жеке қолданатын тауарларға – 17,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 14%. Бензин 4,6%-ға қымбаттады, ал дизель отыны – 9,6%-ға арзандады.
Кабельдік теледидар қызметтерінің тарифтері 51,3%, халықаралық қоңырау шалуға (республика шегінен тыс) – 34,5%-ға өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне 19,3%, қоғамдық тамақтануға – 12,2%, денсаулық сақтауға – 11,7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 9,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне – 7,2%, сақтандыруға – 7%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 14%, суық суға – 12,7%, ыстық суға – 11,3%, кәрізге – 10,3%, электр энергиясына – 8,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 4,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4%-ға жоғарылады.
Фото: nur.kz