Экономика
Авто
Күндізгі сессия: доллар бағамы 343,22 теңге
Қазақстан қор биржасының (KASE) 2016 жылғы 5 қаңтардағы күндізгі сессиясы кезінде доллардың орташа бағамы 343,22 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты күндізгі сауда кезінде минималды курс 343 теңге болды. Максималды курс — 343,45 теңге. Операция аяқталу кезіндегі курс — 343,45 теңге.
АҚШ долларымен жасалған сауда көлемі 42 млн 700 мың долларды құрады. Валютаға байланысты жасалған келісім саны — 61.
5 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы 340,01 теңге. Ал 6 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа курсы 343,11 теңге болады.
Ал Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 344,5 теңгеден саудалануда.
Фото: kapital.kz