Әуе транспорты халықаралық ассоциациясының (IATA) қауіпсіздік аудитінен өтуі қажет деген талабы Қазақстандағы бәсекелестікті төмендетуі мүмкін. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) осылай деп есепетейді.
ҰКП-ның атап өтуінше, Қазақстан IATA тәрізді халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың нормаларын қабылдауға міндетті емес. "Қазақстан аумағында қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары міндетті түрде таралмайды. Ал біздің мемлекеттік органдарымыз бұл ережелерді ішкі рейстер тұрақты түрде орындауы тиіс нормалар тәрізді енгізді. Әуекомпаниясының қауіпсіздік аудитінен өткендегі туралы сертификатын біз азаматтық авиация сферасындағы ұлттық ережелермен немесе әуе стандарттары түріне алмастыруды ұсынып отырмыз",- деп мәлімдеді ҰКП-ның тасымалдау және логистика секретариатының басшысы Қанат Мұқышев.Оның сөзінше, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетімен келісімге келе алмаған. Әуекомпаниялардың да осы сұраққа қатысты пікірлері әртүрлі. SCAT және Qazaq Air IATA ұсынысына қолдау білдірсе, "Бек Эйр" басшылығы қауіпсіздік аудиті туралы талапты жоққа шығарып, бас прокуратураға хат жолдады.
"IOSA аудитінен өту туралы талаптар Қазақстанның ішкі тасымал нарығындағы бәсекелестік дамуын шектейді. Әуекомпанияларының бұл сұраққа байланысты ортақ мәмілелері жоқ екенін ескерсек, мәселені ҚР ҰКП-ның Тасымал және логистика комитетінің отырысында талқылау қажет"-деп атап өтті Қ.Мұқышев.
Кездесу 2016 жылдың 12 қаңтарында барлық тараптардың қатысуы арқылы ҰКП алаңында өтеді. Отырысқа азаматтық авиация, монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен қатар IATA компаниясы да қатысады.
Фото:livejournal.com