Экономика
Авто
Доллар бағамы 362,62 теңгені құрады
12 қаңтарда валюта биржасындағы таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа курсы 362,62 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш дүйсенбі күнгі таңғы сессия қорытындысына қарағанда 7,10 теңгеге артып, ұлттық валютамыз тарихи минимум орнатты деп хабарлайды Қазақстандық қор биржасы.
Таңғы сессиядағы сауда көлемі 82,9 млн долларды құрады. Дүйсенбідегі саудаға қарағанда 32,5 млн артық. Сессия кезінде минимал курс 358,5 теңге, максимал курс 367 теңге болды.
Әлемдік шикізат бағасының төмендеп, рубль мен юанның құлдырауына байланысты теңге де әлсіреуін жалғастыруда. Қаңтардың басынан бері доллар курсы 21 теңгеге қымбаттады.