Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

32 мың көпбалалы отбасы баспанасын күтуде

32 мың көпбалалы отбасы баспанасын күтуде

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Бүгін өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жаңа түзетулердің қабылдануы аз қамтылған отбасылардың және жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді, бұл халық арасында әлеуметтік мәселелерді төмендетеді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін жедел шешу үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға жыл сайын 50 млрд теңге бөлу қарастырылды. Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы, 2025 жылға дейін 40 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 7 жылда 350 миллиард теңгені құрайды. Ұсынылған түзетулер, бірінші кезекте, көп балалы отбасыларын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда кезекте 31 725 көпбалалы отбасы тұр.

Айта кетейік, Заң жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларын іске асыру үшін Мәжіліс депутаттарының бастамашалық тобымен әзірленген. Заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді.

Похожие материалы