Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында 2016 жылы 400 тонна ет өнімі экспортталады

Қарағанды облысында 2016 жылы 400 тонна ет өнімі экспортталады

Биыл Қарағанды облысында экспортқа 400 тонна ет өнімін экспорттау жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.

«Экспорттық әлеует бойынша 275 тонна етті экспортқа шығару мүмкіндігі туды. Бұл жерде біз 400 тоннаны жоспарлап, нәтижеге жете алмадық. Осы жылы діттеген межеге жетеміз», - деп сендірді Н.Әбдібеков.
Сонымен қатар, ол 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста сүт өндіру көлемі 3 пайызға, жұмыртқа өндіру 1 пайызға артқанын айтып өтті.
«Егер мал басы жайлы айтар болсам, жылқы басы 1%-ға өсті. Басқа да мал түрлері бойынша өсім көрсеткіштері бар», - деді әкім.
Оның мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында «жалпы өнім көлемі 158 млрд теңгені құрап, аталмыш салада физикалық өнім көлемі 1,5 пайызды құрады».
«Көктемгі су тасқыны кезінде бастан кешірген көрсеткіштерді азайтып, оның алдын алуды жүзеге асырдық», - деп қорытындылады Н.Әбдібеков.
Фото: inform.kz

Похожие материалы