Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Brent маркалы мұнай бағасы 29,47 теңгеге арзандады

Brent маркалы мұнай бағасы 29,47 теңгеге арзандады

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz - Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен 16:35-те 29,47 долларға арзандады. Наурыз айына арналған мұнайдың фьючерс құны берреліне 29,53 доллар болады.

Bank of America Merril Lynch Global Research сарапшысы Карен Костанянның сөзінше, алдағы бір-екі айда мұнай бағасының белгіленімі барреліне 20-25 долларға жетеді. Бұған Иранмен қоса Сауд Арабиясындағы демпинг әсер етеді. Яғни олардың нарықта өз үлесін сақтап қалу әрекеті салдарынан баға төмендей береді. Goldman Sachs-тің болжамы бойынша, 2016 жылы Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 49,5 доллар деңгейінде болады. 2017-2018 жылдары баға долларға жетеді. Morgan Stanley 2016 жылы Brent маркасы барреліне 41,9 долларға бағаланады дейді. Ал 2017 жылы 56,7 долларға жетуі мүмкін. Бұдан бөлек, Morgan Stanley-дің айтуынша, 2016 жылы мұнай нарығы нақты балансқа жете алмауы мүмкін. Себебі бұған Ираннан бөлек Ливия мемлекетініі экономикалық жағдайын реттеуі үшін мұнай өндірісін арттыруы ықпал етеді. Фото: ortcom.kz

Похожие материалы