Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда "Оңай" картасын алмаған жолаушыларға айыппұл салынды

Алматыда "Оңай" картасын алмаған жолаушыларға айыппұл салынды

18 қаңтар күні Алматы қаласында таң атқаннан тексеріс жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, Алматы көлік холдингінің бақылау-тексеріс қызметі мен муниципалды полиция қаланың адам көп жүретін нүктелерінде жиналып, "Оңай" картасын алмаған не қолданбай жүргендерді анықтады. Қолма-қол ақша алған жүргізушілерге де айыппұл салынды деп хабарлайды kapital.kz.

Қаланың барлық аумағын қамтыған тексеріс нәтижесінде 172 заң бұзушы анықталды. «Жолаушылардың уақытын алғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Мұндай тексерістер тек қана адам көп жүретін кездерде ғана емес, күн сайын болып тұрады. "Оңай" картасының қолданысы жүз пайыз болғанша жүргізіледі. Біз тұрғындарға бір апта уақыт бердік. Осы уақыт ішінде алып үлгерсін дедік. Десе де, билетсіз жүргендер көп болып отыр. Сол үшін айыппұл салдық», - деді тексеріс барысында Көлік холдингінің директоры Рифат Абдураманов. Мұндай айыппұлдар барлығына бірдей салынатын көрінеді. Әлі жеңілдігі бар карталарын алмаған студенттерге қатысты Рифат Абдураманов былай деді: «Мектеп оқушылары мен студенттерге жеңілдігі бар карталарды рәсімдеу жұмыстарын қазан айынан бастаған едік. Көлік холдингі өтініш қабылданған соң басып шығарып отырады». Сондай-ақ, холдинг директорының айтуынша, қаланың көлік инфрақұрылымы жұмысын жандандыруға кетуі тиіс қаражаттың 60 пайызы әлі де басқалардың қалтасына кетіп жатыр. «Көлеңкеде жатқан қаражатты шығаруымыз керек. Барлық түскен ақшаны көлік саласына жіберетінімізге біз кепілдік береміз», - дейді Абдураманов. 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап "Оңай" терминалдарымен Алматының барлық қоғамдық көліктері жабдықталған еді. Сол сәттен бері қолма-қол ақша алуға да тыйым салынған. Жол жүру үшін тек "Оңай" карталарын қолдану керек. Картамен төлемеген адам билетсіз жолаушы деп саналады. Соған сәйкес, жол ақысын төлеуден жалтарғандар екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (4242 теңге) айыппұлға ілінеді. Сондай-ақ, жол ақысын алған қоғамдық көліктің жүргізушілеріне де айыппұл салынатын болады. Оларға салынатын мөлшер бес айлық есептік көрсеткішті, яғни 10 605 теңгені құрайды.

Похожие материалы