Қазақстан инновациялық экономика елдерінің рейтингінде 50 орынға тұрақтады. Тізімді Bloomberg агенттігінің сарапшылары ұсынады.
Рейтинг көшін Оңтүстік Корея бастап тұр. Мемлекет жаңа технологиялардың дамуына ауқымды инвестиция салып отыр. Инновация индексі - 91,31 пункт. Ал екінші орында - Германия (85,54 пункт), үшінші – Швеция (85,21), төртінші – Жапония (85,07 пункт), бесінші – Швейцария (84,96 пункт).
ТОП-50 рейтингінде АҚШ инновация индексі бойынша (82,84 пункт) 8 орынға тұрақтады. Ресей 12 орын, Ұлыбритания 17 орынды алды. Қытай 21 орынды иеленді.
Ал Қазақстан рейтинг тізімін 48,48 пунктпен аяқтап тұр.
Сарапшылар рейтинг бойынша 84 мемлекетті нақты сынақтар бойынша анықтады. ТОП-50-ге кірген мемлекеттер тізімі өндіріс кезіндегі қосымша құн көлемі, инновациялық жұмыстарға кеткен шығындар, өнімділік, патенттердің тіркелген саны және жоғарғы технологиялы компаниялар бойынша жарияланды.