Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 372,03 теңге болды

Доллар бағамы 372,03 теңге болды

2016 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 372,03 теңге болды. 19 қаңтардағы таңғы сессиямен салыстырғанда доллар 7 теңгеге арзандады, деп хабарлайды биржаның ресми сайты.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 369,94 теңгені құрады. Максималды курс — 378 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 373,50 теңге болды.

Таңғы сессияда сауда көлемі 24 млн 850 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 26.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Алматы қаласындағы ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 376 теңгеден сатылуда. Ал 20 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы — 377,70 теңге.

Похожие материалы