Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы барреліне 28,26 долларға арзандады

Мұнай бағасы барреліне 28,26 долларға арзандады

АҚШ-тың мұнай қоры туралы мәліметінен кейін мұнай бағасы тағы құлдырай бастады, деп хабарлайды Bloomberg.

Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерс бағасы лондондық ICE Futures биржасында 1,75%-ға төмендеп, барреліне 28,26 долларды құрады. WTI мұнайының ақпан айына арналған фьючерс бағасы Нью-Йорктың тауар биржасындағы электронды саудада 2,74%-ға төмендеп, барреліне 27,68 доллар болды. Бұдан бұрын Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) Иранның нарыққа шығуы мен шикізатқа деген сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай бағасының құлдырауына жол беретіні туралы мәлімденген. 2015 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 1,7 беррелге жетсе, 2016 жылы тәулігіне 1,2 млн баррель мұнайға сұраныс болады. Ал ОПЕК-ке мүше мұнай өндіруші елдердің бірі Индонезияда 2015 жылдың желтоқсанында қара алтынды өндіру тәулігіне 90 мың баррелге төмендеп, 32,28 млн баррелді құрады. ХЭА болжамы бойынша,  Иранға қарсы санкция алынып тасталғаннан кейін мемлекет 2016 жылдың І тоқсанында мұнай өндірісін 300 мың баррелге арттырады.

Похожие материалы