2016 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 384,48 теңге болды. Бұл туралы KASE-нің ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 379,50 теңгені құрады. Максималды курс — 388 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 388 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 69 млн 50 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 145.
Доллардың орташа бағамы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 383,91 теңге болды.Ал Алматы қаласындағы (15:47) ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 390 теңгеден сатылуда.
21 қаңтардағы доллардың ресми бағамы 374,60 теңге болды. Осылайша, 22 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы 383,91 теңге болады.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Фото: dixinews.kz