Танымал Sport Market Intelligence халықаралық компаниясы Global Sports Nations Index деп аталатын әлемдегі ең спорт сүйер мемлекеттердің тізімін жариялады. Қазақстан 81 елдің арасында 30 орыны иеленді, деп хабарлайды Sports.kz.
Рейтинг тізімі мемлекеттерде өткен спорттық іс шаралар ақпараты бойынша жасалған.
Соңғы рейтинг 2015 жылдың қараша айында жасалып, оған ерекше спорттық іс-шаралар өткен мемлекеттер енген. Рейтингте іс-шара масштабы, оның қоғам мен спорт әлеміне әсер етуі және спорттық жарысқа қатысқан түрлі елдердің белсенділігі сияқты талаптар қойылған.
Ал спорт сүйер ең үздік қалалар тізімінде Алматы 25 орынды, Астана 63 орынды иеленді.
Фото: reactor.inform.kz





