Федералды резервті жүйе пайыздық база мөлшерлемесін 0,25-0,5% деңгейінде қалдыратын болды. Бұл туралы Ашық нарықтағы операциялар жөніндегі федералды комитеттің (FOMC) сайтында хабарланды, деп жазады РБК.
«Комитет жаһандық экономика мен қаржы секторын нақты қарап жатыр және оның еңбек нарығы мен инфляцияға, тәуелділік балансына әсерін бағалап отыр", - делінген FOMC хабарламасында. Ал желтоқсан айында комитет инфляция мен экономика тәуекелділігі "үйлесімді" деп есептеген болатын.
Сондай-ақ, ведомство экономиканың бәсеңдеуіне қарамастан 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап еңбек нарығының шарттары жақсарғанын атап өтті. «Барлық болжамдарды ескерек отырып, комитет базалық мөлшерлемені 0,25%-дан 0,5%-ға дейінге деңгейде қалдыру керек деп шешті. Монетарлы саясат еңбек нарығының жақсарғанын қолдай отырып инфляция деңгейі 2%-ға қайта келу үшін бой ұсынады",- делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап базалық мөлшерлеме 0–0,25% тарихи минимум деңгейінде болған еді. Осыдан соң мөлшерлеме 2015 жылдың 16 желтоқсанында 0,25–0,5%-ға дейін көтерілді.
Фото: ria.ru