Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Brent мұнайының бағасы 33 доллардан асты

Brent мұнайының бағасы 33 доллардан асты

Brent мұнайының бағасы 27 қаңтар күнгі саудадан соң 32,03 доллардан 33,86 долларға дейін өсті. Максимал баға белгіленімдері барреліне 34,32 долларды құраған. 26 қаңтар күнгі бағамен салыстырғанда Brent мұнайының фьючерстік келісім шарттары 6,5%-ға көтерілген. Бұл жөнінде LS хабарлайды.

Америкалық мұнай институтының АҚШ-тағы шикізат қорларын көбейту туралы хабарынан соң 26 қаңтардағы сауда барысында аздаған төмендеу байқалған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтардағы сауда нәтижесінде аталған маркалы мұнай бағасы 10 пайыздай өсіп, жабылар сәтте  32,18 долларға жеткен еді.

Осыған дейін сарапшылар мұнай бағасы барреліне 45 долларға дейін өсуі мүмкін деген болжам айтқан. Кейбір мамандар тіпті 60 доллар болады деген болжамдар да кездескен.

Похожие материалы