Экономика
ҚР Президенті: Ұлттық валютаны одан әрі реттеу экономика мен бизнесте күрделі мәселелерді туындатар еді
Ұлттық валютаны Ұлттық қор қаражаты есебінен одан әрі қолдау отандық кәсіпорындардың жабылуына және қаржы жүйесінің бұзылуына алып келер еді, деп мәлімдеді бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезді барысында Нұрсұлтан Назарбаев.
«Теңге бағамының төмендеу үрдісі әлемдік конъюнктурамен байланысты объективті процесс болды. Ұлттық қор қаражаты есебінен ұлттық валютаны қолдаудан бас тартпасақ не болар еді», - деді Елбасы.
Осылайша, Президенттің айтуынша, теория тұрғысынан бір долларға бір теңге шешімін қабылдауға болар еді. Бірақ, ол мұндай бағам жекеменшік деген түсінік болмаған кезде, ал импорт арнайы дүкендерде сатылған кезде болғанын еске салып өтті.
«Нарық ғылымының шындығы сонда, ұлттық валютаны қанша реттейтін болсақ, бизнес пен кәсіпкерлікке сонша кедергілер жасаймыз», - деп баса айтты Н.Назарбаев.
Ол «елімізде доллар емес, теңге маңызды» екенін айтып, долларды ұмытуға шақырды.
Фото:kursiv.kz