Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Швейцария жұмыс істемейтін тұрғындарына 2250 еуро төлеуге ниетті

Швейцария жұмыс істемейтін тұрғындарына  2250 еуро төлеуге ниетті

Швейцария ел азаматтарына 2500 франк (2250 еуро) ақы төлеуге ниетті. Ақы төлеу барысында олардың жұмыс істеу-істемеуі маңызды емес. Ал балаларға 500 еуро төленбек, деп хабарлайды  bfm.ru.

Қазір швейцариялықтар осы мәселені қолға алып жатыр. Егер жоба мақұлданса, ештеңеге қарамастан халқына ай сайын кіріс кіріп отыратын алғашқы мемлекеттердің бірі болады. Ал бұған дауыс беру шілде айында жүзеге асырылады.

The Independent мәліметінше, мұндай жоба швейцариялық демографиялық институтының сауалнама жүргізу нәтижесінде пайда болған. Demoscope зерттеуіне сәйкес, мемлекеттің көптеген тұрғындары қосымша кіріске қарамастан жұмыс істеп немесе жұмыс істеуге талпынады екен. Халықтың тек 2%-ы жұмыс істеуді тоқтатқылары келсе , 8%- жағдайға байланысты мүмкіндікті қарастырып көретіндерін айтқан. Ал қалған 56%-ы сауалнамада үкімет бұл жобаны мақұлдамайтынын көрсеткен.

Жоба мақұлданатын болса, Швейцария бюджетінен 208 млрд швейцариялық франк жұмсалады. Оның 150 млрд-ы мемлекетке кіріс ретінде салық жинаудан түсетін болса, 55 млрдын әлеуметтік сақтандыру қорынан алады.

Фото:kapital.kz

Похожие материалы