Спорт көліктерін шығаратын Ferrari компаниясының акциялары 2 ақпан күні америкалық NASDAQ биржасында 12,40% құлдырады, деп хабарлайды LS.
Нью-Йорк қор биржасындағы сессия кезінде компанияның баға белгіленімі 39,89 доллар деңгейінде саудаланды. Алайда құнды қағаздардың бағасы біртіндеп төмендеп, сауданың жабылу кезінде 34,98 доллар болды. Осылайша, ІРО-дан шыққаннан кейін компания акциялары 32,73%-ға дейін арзандады.
Инвесторларға Fiat Chrysler пакетінен Ferrari акцияларының 10%-ы ұсынылған. Ал ІРО-дан кейін компания үлесі 80%-ға азайды.
Дегенмен 2015 жылғы есеп бойынша, автокөліктерді сату 6%-ға артып, соңғы жылдардағы ең үздік нәтиже болған. Айналым 3%-ды құрап, 2,85 млрд еуроға артты, ал таза түсім 9%-ға көтеріліп, 290 млн еуроны құрады.
Сондай-ақ, Ferrari 2016 жылы көліктерді сату процесі 1,6%-ға артатынына сенімді.
Фото: logotipi.com.ua