Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 363,23 теңге болды

Доллар бағамы 363,23 теңге болды

2016 жылдың 4 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 363,23 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 362 теңгені құрады. Максималды курс — 364,65 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 364,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 49 млн 850 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 95. Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 363,34 теңге болды. Ал 4 ақпанға арналған ресми бағам — 375,25 теңге. 5 ақпан күнгі ресми бағам 363,34 теңге болып белгіленеді. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Ақша айырбастау орындарында доллар 367 теңге аралығында сатылып жатыр (Алматы уақытымен 16:00). Фото:surak.szh

Похожие материалы