Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

М.Цукерберг: 2030 жылға қарай Facebook-тің аудиториясы 5 млрд адамға дейін көбейеді

М.Цукерберг: 2030 жылға қарай Facebook-тің аудиториясы 5 млрд адамға дейін көбейеді

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2030 жылға қарай әлеуметтік желінің аудиториясын 5 млрд адамға дейін ұлғайтпақ. Бұл туралы ол компанияның 12 жылдығына арналған шара кезінде мәлімдеді деп хабарлайды USA Today.

"Біз барлығын өзімізге қосқымыз келеді. Бұған билік пен әлемдегі барша компаниялар көмектеседі",-деп атап өтті М.Цукерберг. Facebook басшысының сөзінше, дамушы елдерде интернет қолжетімді болу үшін компания Aquila атты дрондар құрастырып жатыр. "Олар күн энергиясынан қуат алып, қалалардың үстімен ұшып жүріп, интернет таратады. Тым ессіздеу естіледі, солай емес пе?", - деді ол жаңа жобасы туралы. 4 ақпанда әлеуметтік желі өзінің 12 жылдығын тойлады. Бұл күні Facebook "Достар күні" деп аталатын жаңа қызметті іске қосты. Ол қолданушының достары туралы автоматты түрде арнайы видео жасап шығарады. Роликтегі суреттер достардың суреттерінен таңдап алынады, бірақ қолданушы өз тарапынан да суреттер қоса алады. Фото:znaitepro.com

Похожие материалы