Экономика
Қазақстан мен Ресей басшылары экономикадағы ахуалды талқылады
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы екі ел экономикасындағы ахуалды, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭО) аясындағы және екіжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Сонымен қатар, Ресей мен Украина қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен Минск уағдаластықтарын орындауды жалғастыру жайын қарастырды.
Тараптар Ресей-Түркия қарым-қатынасының нашарлауына қатысты да пікір алмасты. В.Путин ахуалды Түркия тарапының күрделендіргенін қайталап, соған орай жағдайды түзеуге Түркия қадам жасауға тиістігін алға тартты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасы қазіргідей күрделі жағдайда сенімге, дәстүрлі достық пен тату көршілестікке негізделетінін айтты.
Сондай-ақ екі мемлекеттің лидерлері 2016 жылы ШЫҰ, ЕурАзЭО, Өңіраралық ынтымақтастық форумы және басқа құрылымдар аясында өтетін кездесулер кестесін талқылады.
Фото: kapital.kz